03.02.2025 жылы «Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 03-07 қаңтар 2025 жыл аралығында өтіп жатқан «Өмірге иә деп айт!» республикалық акция аясында «Буллингті тоқтат!» тақырыбында Маңғыстау облысы бойынша «Психологиялық қолдау орталығы» мекемесінің директоры міндетін атқарушы Абиева Айгуль Абиевна мен ҚР бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша Өкілінің кеңесшісі Алибекова Светлана Базарбайқызы лицей ұжымымен кездесу өтті.
Мақсаты: «Буллинг» деген не? Оқушыны буллингтен қалай қорғауға болады? «Буллингке тап болған оқушыға қалай көмектесе аласыз?» тақырыптарында сұхбаттасу.
Сонымен қатар мектептегі буллинг проблемасы мұғалімгеде байланысты екендігі, өйткені балалармен қарым-қатынастағы және сыныппен жұмыс жасаудағы кемшіліктер буллингке негіз болатындығы айтылды. Сынып – балалар ұжым болса, басқа ұжымдар тәрізді ауызбіршілік мен достық атмосферасына мұқтаж болады. Ондай орта жасау сынып жетекшісінің ең басты міндеті екендігі баса айтылды.