Skip to content

04.01.2024ж. күні сағат 9:00-12:00 аралығында білім ордамызда, жоспарымызға сәйкес, мектеп және ата-ана байланысын жүйелі жолға қойып…

04.01.2024ж. күні сағат 9:00-12:00 аралығында білім ордамызда, жоспарымызға сәйкес, мектеп және ата-ана байланысын жүйелі жолға қойып, ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің ірге тасы» тақырыбымен «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Қатысқан ата-ана саны: 119
Ұрпаққа тәлім беруде, білім сапасын жақсарту жолында, мектеп, ата-ана және оқушы үштік одақ болып жұмыла белсенділік танытуы оң нәтижеге қол жеткізері сөзсіз. Осы орайда шараға келген ата-аналар мектеп әкімшілігіне, пән мұғалімдеріне көкейдегі сұрақтарын қойып, оң шешімін тапты.
Шара соңында ата-аналар ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілеп, өз ризашылықтарын, ұйымдастырушы мектеп әкімшілігіне өз алғыстарын білдірді. Сонымен қоса, ұсыныстары мен пікірлерін де айтты.
Ұрпақ тәрбиесі деген ортақ мақсатымыз жолында ой бөлісіп, ұсыныс, пікір, алғыстарын білдіріп, уақыт бөліп келген, белсенділік танытқан барша ата-аналарымызға алғысымыз шексіз!