16 қаңтар 2024 жылы Ақтау қаласы білім бөлімінің №11 лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
“Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстың жолын кесу” мақсатында Ақтау қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің аға жедел уәкілі полиция капитаны Д.Қолғанатовпен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жоғарғы сынып оқушыларына, жасалған
қылмыс пен құқық бұзушылықтардың салдары неге әкеп соғатындығын, баласының бос уақытын бірден бір қадағалаушы және жауапты ата-аналар екендігі баса айтылды.
Қазақстан Республикасында «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» жүзеге асыру мақсатында жастарға есірткі заттарының зияндылығы және қылмыстық жауапкершілігі туралы жан-жақты айтылып, ескертіліп жатқандығы туралы ақпарат берілді.
Нашақорлық – қоғам дерті. Егеменді еліміздің болашағы – жастар екендігін естен шығармауымыз қажет.
Кездесу барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілд


