8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында “Тұтқабай Әшімбаев атындағы 11 лицей” ұжымында ерекше шара ұйымдастырды. Лицейдің ер мұғалімдері әйелдер қауымын құттықтап, көңілді концерттік бағдарламасын ұсынды. Әрбір ұстаз өздерін ерекше қырынан танытып, әйелдерге деген алғыстарын білдіріп, өнерлерін ортаға салды. Бұл шара әйелдер қауымына деген құрмет пен көңіл бөлудің жарқын көрінісі болды. Қыздар мен әйелдер үшін ұйымдастырылған кеште мерекелік атмосфера әсем әуенмен әрленді. Шара әрбір әйелді ерекше сезімге бөледі. Мереке барысында тек әйелдерге ғана емес, сонымен қатар барлық адамға жылылық пен мейірімділік сыйлаған сәттер көп болды.