«Жан дүниеңе жылу сыйла» – жүрекке жылу, көңілге қуаныш сыйлаған қорытынды тренинг
14-қазан күні “10 қазан – дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне”орай ұйымдастырылған психологиялық онкүндік аясында оқушылардың қатысуымен «Жан дүниеңе жылу сыйла» тақырыбында қорытынды тренинг өткізілді.
Мақсаты: онкүндік барысында оқушылардың алған білімдерін бекіту, эмоционалдық саулықтың маңыздылығын түсіндіру, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және өзара сыйластық пен қолдау көрсету дағдыларын дамыту.
Тренинг барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қызықты психологиялық жаттығуларға белсенді қатысты. Жылы сөз айту, бір-біріне қолдау көрсету, жағымды эмоциялармен бөлісу арқылы мейірімділік пен жанашырлықтың адам өміріндегі маңызын сезінді.
Тренингке 42оқушы,2 педагог-психолог қатысты.