Skip to content

«Таза Қазақстан»

2026 жылғы 18 қазанда «Қамқор» жобасы аясында «Таза Қазақстан» акциясы бойынша мектебіміздің 6 «Г» сынып оқушылары мектеп ауласында сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және қоршаған ортаны таза ұстауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Оқушылар мектеп ауласын тазалап, айналаның көркеюіне өз үлестерін қосты. Осындай игі істер арқылы жас ұрпақ тазалықтың маңызын түсініп, туған жерге деген жанашырлық пен қамқорлықтың үлгісін көрсетеді.

Тазалық – ортақ міндет, табиғатты қорғау – әрқайсымыздың парызымыз!
Қатысқан оқушы саны-24, мұғалім-1