Skip to content

«Жас Қыран» қатары толықты: 4-сынып оқушылары салтанатты түрде ұйымға қабылданды

Республика күніне орай 4-сынып оқушыларын «Жас Қыран» балалар ұйымына қабылдауға арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталып, оқушылар ұйымның мақсаты мен міндеттерімен танысты.

Салтанатты рәсім барысында оқушылар ант беріп, Отанын сүюге, білімді, тәртіпті, адал әрі елжанды азамат болуға уәде етті. Сонымен қатар «Жас Қыран» ұйымының гимні орындалып, мерекелік шара ерекше әсермен жалғасын тапты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге баулу. Шара оқушылардың бойында жауапкершілік пен ел болашағына деген сенімді нығайтуға ықпал етті.

Қатысқандар: 89 оқушы.