Skip to content

«Салауатты мектеп» жобасы

«Салауатты мектеп» жобасы аясында Tirek волонтерлік ұйымының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары – ер балалар арасында жолдастық кездесу футбол матчы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту және командалық рухты қалыптастыру.

Футбол матчы барысында оқушылар белсенділік танытып, өзара ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсетті. Спорттық кездесу қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырды.

Қатысқандар: 27 оқушы