Кіші буын оқушыларына «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсінік беру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында оқушыларға Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның маңызы түсіндірілді. Оқушылар өз білімдерімен бөлісіп, мемлекеттік рәміздерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастырып, елін құрметтеуге баулыды. Қатысқандар: 155 оқушы, 14 мұғалім
