Skip to content

Қамқор» жобасы аясында «Қоқысты сұрыптау – қоршаған ортаны қорғау»

Қамқор» жобасы аясында «Қоқысты сұрыптау – қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында түсіндірме жұмысы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қоқысты сұрыптаудың маңызын түсіндіру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.

Іс-шара барысында оқушыларға қоқысты сұрыптау туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, қалдықтардың түрлері мен оларды дұрыс ажырату жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар тәжірибелік жұмыс ұйымдастырылып, оқушылар қоқыстарды түрлеріне қарай сұрыптап, өз білімдерін іс жүзінде көрсетті. Тәжірибе барысында қағаз, пластик және басқа да қалдықтарды тиісті санаттарға бөліп, оларды қайта өңдеудің қоршаған орта үшін маңызы талқыланды.

Нәтижесінде оқушылар қоқысты дұрыс сұрыптаудың табиғатты қорғаудағы рөлін түсініп, тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағыт алды.

Қатысқандар: 152 оқушы