Skip to content

Қаржылық сауаттылық – заман талабы: Оқушыларға арналған түсіндірме семинары өтті

Мектеп оқушыларына қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндірме семинары өткізілді. Семинарға «Халық банкінің» қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялық бөлімінің бастығының орынбасары Махамбетова А. С., валюталық операциялар бөлімінің бастығы Ақмурзаева А. Ғ. және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы Коплквов А. қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға қаржылық сауаттылықтың маңызы, ақшаны дұрыс басқару, кіріс пен шығысты жоспарлау, қолма-қол ақшамен жұмыс істеу және валюталық операциялар туралы түсіндірілді. Сонымен қатар қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша пайдалы ақпараттар беріліп, оқушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды. Семинар оқушылардың қаржы саласындағы білімін жетілдіруге, қаражатты тиімді пайдалануға және жауапты қаржылық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Қатысқандар:119 оқушы, 15 мұғалім