Skip to content

Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу

2026 жылғы 20 қазанда «Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей» КММ-де ұл балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Кездесуге Ақтау қаласы Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Жақыпұлы Сақаба қатысып, оқушыларға құқықтық сауаттылық, тәртіп, жауапкершілік, буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу, мектеп формасы мен ішкі тәртіп ережелерін сақтау жөнінде түсіндірме берді.

Кездесу соңында оқушылар сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Қатысқандар: 120 оқушы, 7 мұғалім.