25 қазан – Республика күніне орай лицейімізде 9–11 сынып оқушылары арасында «Қазақстан–2040: болашақ бүгін басталады» тақырыбында жобаларды қорғау жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ Қазақстанның келешегіне қатысты тың идеялары мен өзекті ұсыныстарын ортаға салуға мүмкіндік беру.
Жоба қорғау барысында жоғары сынып оқушылары болашақ Қазақстанның дамуына қатысты өз көзқарастарын білдіріп, жаңашыл идеяларын ұсынып, ел ертеңіне бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Қатысқандар саны -11

