Skip to content

МЕКТЕП АСХАНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ БАҚЫЛАУДА

2026 жылдың 21 қазан күні бракераждық комиссия мүшелерінің қатысуымен оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуына және мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында дайын тағамдардың мөлшері белгіленген талаптарға сай екені, асхананың тазалығы санитарлық нормаларға сәйкес жүргізілетіні анықталды. Сонымен қатар азық-түлік қорының толықтырылуы бақылаудан өтті.

Бракераждық комиссия тарапынан асхана жұмысына бақылау тұрақты түрде жүргізіліп, оқушылардың сапалы әрі құнарлы ыстық тамақпен қамтылуы назарда ұсталады.