Маңғыстау облысы білім басқармасы бойынша Ақтау қалалық білім бөлімінің «№11 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың қараша айының 29 күні 8- сынып оқушылары арасында «Адалдық ардың -ісі» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойында адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету.