Skip to content

Ақтауда өткен “Тіл мәртебесі- ұлт мәртебесі” конференциясы

Ақтауда өткен “Тіл мәртебесі- ұлт мәртебесі” конференциясына “Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей” КММ-нің үздік оқушылары Құспанов Дастан мен Қайдар Ерасыл спикер болып қатысып, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тілдің маңыздылығы мен ұрпақтан ұрпаққа жеткізу жолдары талқыланды.

Бұл конференцияда мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары Қуандықов Мансур, Алдоңғар Томирис, Жауынбай Әлібек, Танатарова Райиана Қ. Мырзалі атамыздың тіл туралы өлеңдерінен тақпақтарын жатқа оқыды. Қ, Мырзаәлінің шығармаларынан алынған үзінділер тілдің қадір-қасиетін, оның ұлттық бірліктегі рөлін айқындай түсті.

Шараға басты спикер болып Ұлттық ғылым академиясының корреспондент- мүшесі , филология ғылымның докторы Асылы Осман Алиқызы келді.