Skip to content

Ата-аналар назарына!

“Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
🎒 1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады
✍🏻 Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасатынын мәлімдейміз.
🏫 ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы 1 сәуір – 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
🔹 Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3)өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
📌 Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.