Skip to content

Директор блогы

ҚАЛИЕВА СВЕТЛАНА АҚМҰРАТҚЫЗЫ

Маңғыстау  ауданы Оңды ауылында 1964 жылы дүниеге келген. 1988-1990 жылдары Маңғыстау ауданы Оңды, 1990-1999 жылдары Жаңаөзен қаласы Қашаған атындағы №8 орта мектепте тарих, құқық пәнінің мұғалімі, 2000-2002 жылдары Жаңаөзен қаласындағы білім үйлестіру орталығының директоры, 2002-2003 жылдары облыстық білім басқармасының тәрбие бөлімінде, 2003-2010 жылдары Ақтау қаласындағы Т. Әшімбаев атындағы №11 мамандандырылған физика-математика мемлекеттік мектебінде директор, 2010 жылдан бастап Маңғыстау аудандық білім бөлімінің басшысы. Республикалық «Жыл мұғалімі – 1998» байқауының жүлдегері болып, «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталса, 2017 жылы

Ы.Алтынсарин төсбелгісімен және одан кейінгі жылдары  Маңғыстау облысы әкімінің, облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Лицей жетістігі

                Санаулы күндерден кейін тағы бір жылды, яғни 2023 жылды аяқтап, жаңа 2024 жылдың табалдырығын да аттағалы отырмыз. Жылды қорытындылап саралайтын, бағалайтын сәтке де жеткендейміз.

                      Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары мен  мұғалімдері қалалық, облыстық, республикалық  білім байқаулары мен түрлі жарыстарға  қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

 Ақтөбе қаласында өткен «Ғалам сенің қолыңда» оқушылардың ІІ Республикалық астрономиялық олимпиадасында 9-10 сынып оқушылары  Куспанов Дастан, Орынбай Нұрасыл, Садыкова Рамина, Сарыева Жансұлу  арнайы дипломдармен, жетекшісі  Н.Айбекова  алғыс хатпен марапатталды.                      Оқу ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық Ұлттық пікірсайыс турнирінде 11 – сынып оқушысы  Мансурұлы Гафур “Үздік аналитик” номинациясымен марапатталды.

           Алаш идеясы мен мұрасын насихаттауға арналған Республикалық “ХХ ғасырдағы АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ”  жалпыұлттық байқауында тарих пәні мұғалімі  Л.Конбаева  жүлделі ІІІ орынға ие болды.

             Дене шынықтыру пәні бойынша 7-8 сынып оқушылары арасындағы Республикалық олимпиадасында  жүлделі орындарға  ие  болып,   жетекшілері  Б.Калымбетов  пен Н.Кенжебаев  Алғыс хатпен марапатталды.

              Республикалық  «Балдәурен» 3-4 сынып окушылары арасындағы  жарыста  футболдан   3 – сынып оқушылары  2 орын,  4 – сынып  оқушылары  2 орынды  иеленді.

              Салауатты өмір салтын қалыптастыруда мектеп ата-аналарынан құрылған волейбол командасы облыстық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп келеді.

              Республикалық «Зерде», «Дарын», «Алтын сақа», «Ломоносов олимпиадасы», «Ақбота», «Кенгуру» байқауларына қатысып, көптеген мектеп оқушылары марапатталды.

             Жаңа оқу жылынан бастап барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысын бастады.

             Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған.

            Бұл бағытта  ата – аналарды қолдау мақсатында  келешек ұрпағымыздың бойына ұлттық құндылықты дәріптеп, ата – аналар мен мектептің арасындағы байланысты және үштік одақты нығайтуда «Өнегелі отбасы», “Мұғалім-ата-ана-оқушы”, “Ерлік-елге мұрат,  ұрпаққа-үлгі” атты ата-аналармен бірікен тренингтер өткізілді.  

            Тәрбие бағыты бойынша мектеп оқушылары  мен мұғалімдері, ата –аналары жыл ішінде  «Жас жыршылар», «Үздік спикер»,»Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік сурет»,«Алтын қазына», «Ұлттық ою-өрнегі бар киім үлгісі», «Абайтану» олимпиадасы, «Маңғыстаунама»,  «Махамбет оқулары», «Менің кіші – Отаным», «Банкноттың үздік бейнесі», «Үздік оқырман» «Тоғызқұмалақ», «Әке – шаңырақтың тірегі», облыстық «Парасатты отбасы» байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

           Лицейдің тыныс – тіршілігі мен сапалы білім берудегі тыңғылықты іс-әрекетін алдағы жылда да жандандырып, одан әрі дамыту негізгі мақсатымыз болып қала береді.