Қамқорлық жобасы аясында 11 сынып оқушылары мектептің кіші қызметкерлерін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Оқушылардың бұл бастамасы үлкен маңызға ие болды, себебі олар өздерінің құрметін тек мұғалімдермен ғана емес, сондай-ақ мектептің күнделікті жұмысын қамтамасыз етіп, еңбек сіңіріп жүрген кіші қызметкерлерге де білдірді. Олар әйелдер қауымына мейірім мен алғыс сөздерін айтып, арнайы дайындалған сыйлықтар мен гүлдер ұсынды. Бұл іс-шара мектептің бірлігін нығайтып, қамқорлық пен жанашырлықтың маңызды құндылықтарын көрсетті. 8 наурыз – әйелдер күні барлық әйелдерге арналған ерекше мереке ғана емес, ол біздің қоғамдағы әрбір жұмыскердің еңбегін бағалап, құрметтеудің маңыздылығы деп білеміз.