24 сәуір 2025 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоғарғы 9-10 сынып оқушылары Н.Жантурин атындағы драма театрынада білім алушылардың білім алуына және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облыстық прокуратурасы мен Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының ұйымдастырумен өткізілген “Заң және тәртіп”, “Жасөспірімдер арасындағы қылмыс”, “Зорлық зомбылық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу”, “Буллингті болдырмау” тақырыптарымен Меңдіғалиев Мерген Өмірбекұлы облыс прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы полиция подполковнигі Сәлімбаев Алмас Алтынбекұлы және Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы А.Кумбаевпен кездесу өткізілді. Еркін тақырыпта сұхбаттасып, оқушыларға театр актерлерінің “Жол айырық” атты спектакілі көрсетілді. Кездесу соңында 11 лицейдің белсенді оқушылары Маңғыстау облыстық прокуратурасының “Алғыс хатымен”Д.Құспан, А.Кеңес, М.Усербай, М.Музаппарқызы және Ә. Жаңбырбаевтар марапатталды.