Skip to content

Құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бойынша қыркүйек айында атқарылған жұмыстар

І. Құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бағытында шығарылған бұйрықтар

1. «Полицияның жас көмекшісі» тобының құрамына өзгерістер енгізу 27.08.2015ж № 59-нқ

  «Профилактикалық кеңес комиссиясын»  туралы бекіту 28.08.2015ж №60-нқ

  «Білім беру ұйымында наркологиялық бекеттің қызметі мен құрамын бекітіу» туралы 28.08.15ж №61-нқ

  «Оқушылардың мектеп қабырғасында және оның аумағында өзін-өзі ұстау ережедері» 27.08.2015ж №57-нқ

  «Оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау шараларын күшейту» туралы 02.09.2015ж № 62-нқ

  «Қауіпсіз мектеп» ортасын қалыптастыру бойынша комиссия құрамын бекіту туралы 05.09.2015ж №70-нқ

  «Ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану» туралы 16.09.2015ж №73-нқ

  8. Жалпыға бірдей оқу штабын құру туралы №64-нқ 02.09.2015ж

  Үйірмелерді жүктеу №163-жқ 02.10.215ж

ІІ. Құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бойынша атқарылған  жұмыстар есебі:

1.   05.09.2015ж 910-11 сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бойынша  жалпы оқушылар жиналысы өткізілді. Онда 2015-2016 оқу жылына арналған мектептің «Құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бойынша»  және АҚ ІІБ мен мектеп әкімшілігінің  біріккен жұмыс жоспарымен  таныстырылды.

2.   09.09.2015ж «Полицияның жас көмекшісі» тобының алғашқы отырысы өткізілді. «Полицияның жас көмекшісі» тобының жаңа құрамы  және жұмыс жоспары бекітілді

3.   10.09.2015ж №10 орта мектепте өткен Ақтау қалалық ІІБ ӘПБ ЮПБ басшысы полиция майоры М.Умбеталиевпен өткен «Жасөспірімдер мен кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқықбұзушылықта болдырмау және оның алдын алу» тақырыбындағы кездесуге 9-11 сынып оқушылары, ДТЖО С.Утепбергенова, мектеп инспекторы полиция лейтенанты Е.Мухамеджанов қатысты.

4.   10.09.2015ж Ақтау қалалық ІІД ұйымдастырған «Қауіпсіз мектеп» байқауында «Қауіпсіз мектеп» номинациясын оқушыларымыз жеңіп алды. Жетекшісі Р.Озғанова

5.   12.09.2015ж құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бойынша  мектептің жоғарғы сынып қыз балаларына арналған жиналыс өткізіліп, онда «Ақбөбек» қыздар ұйымының 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді. Сонымен қатар жасөспірім қыздар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, мектеп формасын сақтау және «Дін ағымдарының қазақ қыздарына әсері» тақырыбында түсінік жұмыстары жүргізілді.

6.   14.09.2015ж 1-4 сынып оқушыларына арналған «Қауіпсіз балалық шақ үшін!» ұранымен парақшалар дайындалып таратылды.МАЙ қызметкерлерімен  кездесу өткізілді.

7.   18.09.2015ж 6-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Жолда Абайла!» тақырыбына арналған флешмоб  ұйымдастырылды.

8.   23.09.2015ж Құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бойынша мектептің ұл балаларына арналған жиналыс өткізілді.

9.   29.09.2015ж құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бойынша профилактикалық кеңес отырысы өтті.

10.   29.09.2015ж «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында Маңғыстау облыстық ЖҚТБ орталығы эпидемиолог Ы.Қоджабергенова, Г.Батыркулова, Обл.наркологиялық деспансер, нарколог дәрігер Қ.Елеуова және МО ІІД, полиция капитаны Будайчиевтармен 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

11.   8-30.09.2015ж күндер аралығында бекітілген кестеге сәйкес МО Дін Істері басқармасы  тарапынан берілген «Адасқан ағымдар» атты бейне фильмдер 9-11 сынып оқушыларына көрсетіліп, талқыға салынды. Жауапты тарих және құқық пәні мұғалімі Ж.Рысгалиева.

12.    29-30.09.2015ж мектеп инспекторы Е.Мухамеджанов және МО ДВД  ЮП полиция майоры Э.Касенова және АҚ ЮП полиция майоры М.Умбеталиевамен «Нөлдік төзімділік» тақырыбында  9-11 сынып оқушыларына лекциялар оқылды.

13.   30.09.2015ж «Нөлдік төзімділік» баптарын түсіндіру мақсатында 6-8 сынып оқушыларына түсінік жұмыстарын жүргізіп, «Наркопост» журналы әр сыныпқа таратылды.

14.   Оқушылардың сабаққа қатыстары І және ІІ кезеңдер бойынша теңсеріліп, журналға тіркеліп отырылады. Сабақтан себепсіз 10 күннен артық қалған оқушылар жоқ.

15. 2015-2016 оқу жылының қыркүйек айы бойынша мектепішілік және АҚ ІІБ есебінде тұран «ерекше назардағы оқушы» жоқ.

Құрметті Ата-аналар, оқушылар!

«№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі» КММ әкімшілігі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты, бопсалаушылықты, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың және жасөспірімдерден «ақша жинау» фактілерінің алдын алу шараларын жандандыру мақсатында шағым-арыздарға арналған сенім телефондарын хабарлайды.

Сенім телефондар:

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті : 8/7172/74-25-28

Ақтау қалалық білім бөлімі :  31-86-33

«№11 МФМ» КММ : 43-99-51

Мектеп дәлізінде «Сенім жәшігі» қойылған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған