Skip to content

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей» КММ 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және/немесе уақытша бос лауазымына тағайындау үшін КОНКУРС жариялайды.

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей» КММ 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және/немесе уақытша бос лауазымына тағайындау үшін КОНКУРС жариялайды.
Құжаттарды қабылдау 05.09.2024 — 13.09.2024 аралығында дейін жүргізіледі.
Конкурсқа қатысатын педагогтарға қажетті құжаттар тізімі:

  1. Осы Қағидалардың 15 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020ж. 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
  10. 16- қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос толтырылған бағалау парағы.
  11. Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720х480.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *