Skip to content

Мұхаммеджанов Ерлан Нуриддиновичпен жиналыс өткізілді.

24 желтоқсан 2024 жылы “Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей”коммуналдық мемлекетік мекемесінде “Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік” тақырыбында барлық сынып оқушыларына Ақтау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі, ювиналды полиция бөлімшесі инспекторы полиция майоры Мұхаммеджанов Ерлан Нуриддиновичпен жиналыс өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың өмір қауіпсіздігіне қатысты маңызды ақпараттармен таныстыру, әсіресе пиротехникалық заттар қолдану, қысқы демалыста кездесетін түрлі қауіптер туралы ескерту. Пиротехникалық заттарды қолдану кезінде балалардың жарақат алу қаупі, өрттер және басқа да апаттардың болу ықтималдығы туралы оларды хабардар ету.
Балаларға пиротехниканы пайдаланудың қаншалықты қауіпті екенін түсіндіру.
Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары: Балалардың қарда ойнауы, сырғанау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Мұз үстінде сырғанау немесе суға түсу кезінде балалардың жарақат алуынан сақтандыру шаралары. Сонымен қатар демалыс және мереке күндері ата-анасыз түңгі мезгілде яғни сағат 23:00 мен таңғы 06:00 аралығында бейбастақ жүрмеу туралы ескертілді.
Балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, оларды бұзбауға шақырды. Қысқы демалыс уақытында бала қауіпсіздігі ата аналарға жүктелетіндігі ескертілді. Қауіпсіз, әрі көңілді демалыс тілейміз!
Қамтылған оқушылар 1300, сынып жетекшілер мен мұғалімдер 60