Skip to content

Оқушыларға арналған жазғы демалыс кезіндегі нұсқаулық

2025 жылдың 26 мамыры мен 31 тамызы аралығы

Жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік пен денсаулықты ұмытпау керек:
1.Жол қозғалысы ережелерін сақтап, абай болу.
Велосипед, ролик, скейт, самокат сияқты құралдарды пайдаланғанда жол қозғалысы ережелерін сақтау. Бұл көліктермен көше бойымен емес, тротуармен жүру керек.
2.Қоғамдық көлікте міну және түсу кезінде, аялдамада абай болу.
3.Бөгде адамдармен сөйлеспеу. Белгісіз адамдардың ұсыныстарына, бұйрықтарына жауап бермеу. Бөгде адамдармен бірге ешқайда бармау, белгісіз көлікке отырмау.
4.Қараңғы жерлерде, қоқыс алаңдарында, бос жерлерде, тастанды ғимараттарда, жол бойында, теміржол маңында ойнамау.
5.Қайда баратыныңды әрқашан ата-анаңа хабарлау. Ауа райына сай киіну.
6.Үйде жалғыз болғанда бөгде адамдарға есік ашпау.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау: өткір заттарды қолданғанда, газ және электр құрылғыларымен жұмыс істегенде, тұрмыстық химиямен жұмыс істегенде мұқият болу. Сіріңке, оттықпен ойнамау. Ата-ананың рұқсатынсыз жаңа таныстарды үйге шақырмау.
7.Ата-анасыз және рұқсатсыз су айдындарына, орманға бармау, басқа елді мекенге шықпау. Су маңында жүргенде суға түспеу, жар жағалауымен жүрмеу.
8.Қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау. Күдік тудыратын заттарға жақындамау, оларды ұстамау. Мұндай зат табылған жағдайда ересектерге, полицияға хабарлау.
9.Кешкі сағат 22:00-ден кейін ата-анасыз далада жүрмеу.
10.Өткір, тескіш, кескіш, жанғыш және жарылғыш заттармен, атыс және суық қарумен ойнамау.
11.Дәрігердің нұсқауынсыз дәрі-дәрмек ішпеу. Есірткі, ішімдік, темекі, иіс тигізетін заттарды қолданбау.
12.Бос уақытты тиімді өткізу. Көбірек кітап оқу, өткен оқу материалдарын қайталау. Ата-анаға қолғабыс көрсету.
Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі!