Skip to content

Суды үнемде – болашақты сақта

«Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында “Су ресурстарын реттеу, қорғау және Жайық-Каспий бассейіндік инспекциясының” бас маманы Тоқтамысова Нұргүл Бахтиярқызымен кездесу өтті.
Мақсаты:
• Оқушылардың су ресурстарының маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту.
• Су тапшылығының қазіргі жағдайы және болашаққа қаупі туралы хабардар ету.
• Суды үнемдеудің тиімді жолдарын көрсету.
• Оқушыларды су ресурстарын қорғауға және үнемді пайдалануға шақыру.
• Су ресурстарын реттеу, қорғау және басқару саласындағы мамандықты насихаттау.
Кездесу барысында Тоқтамысова Нұргүл Бахтиярқызы су ресурстарының жағдайы, су тапшылығының себептері мен салдарын, экологиялық мәселелер және су ресурстарын реттеу, қорғау және басқару саласындағы болашақ мамандықтар туралы баяндады. Суды үнемдеудің практикалық жолдары, су ресурстарын қорғауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен шаралар туралы ақпарат берді.
Оқушылар қонаққа су ресурстары, экологиялық мәселелер туралы сұрақтар қойды. Нұргүл Бахтиярқызы оқушылардың сұрақтарына толық және нақты жауап берді. Лицей директорының тәрбие жөніндегі орынбасары кездесуді қорытындылап, қонаққа алғыс білдірді және оқушыларды су ресурстарын қорғауға белсенді қатысуға шақырды.
Қатысқан оқушы саны – 58