Skip to content

Жас мамандарға арналған тренинг өткізілді

Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру, жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау мақсатында мектеп педагог-психологы Райхан Тұржанқызының ұйымдастыруымен “Қонақ болып кетсеңші!” тақырыбында жас мамандарға арналған тренинг өткізілді.

Іс-шара барысында жас мамандарға бірнеше тренингтер жүргізіліп, жаднама таратылды. Тренинг соңындағы кері байланыста жас мамандар өздерінің бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.