06.03.2025 жылы “Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Жол-көлік жарақатын алдын алу” бойынша Ақтау қаласы ПБ ППБ 1 рота командирлері полиция капитаны Смағұлов Ерсұлтан Қайратұлы; Полиция капитаны Умирзаков Ильяс Каныекұлы 7 және 8 сынып оқушыларына жолда жүру ережелерінің түрлері және адам денсаулығына зиян келтіретіндігі және өміріне қауіп төндіретіндігі туралы, “Зиянды заттардың жасөспірімдер ағзасына кері әсері”, “Снюс”, “Закладчик” туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер түсіндірілді. Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгішілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиісті.Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс. Осы бойынша мектеп оқушыларына бекітілген мектеп ережелері туралы, қатаң тәртіпті сақтауды айтып өтті. Сонымен қатар зиянды нәрселерді қолданбау, бейтаныс адамдармен таныспау және олардың қолдарынан белгісіз нәрселерді алмауға кеңес берді. Мектеп ішінде орналасқан “111” байланыс орталығының “бізге жаз, Біз саған көмектесеміз” атты нөмірі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Қатысушылар саны:208