«№11 МФММ» КМ мекемесінде 24 ақпан күні Маңғыстау облысы Дін істері басқармасынан «Зайырлық» тақырыбында ақпараттық – насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін ДІБ. АТО – ның бөлім басшысы Ж.Я. Аталикова мен ДІБ. АТО – ның маманы С.Н. Бесінбаев келіп, 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесуде Ж.Я.Аталикова оқушыларға дін туралы мағлұматтарды слайд, видео арқылы түсіндіріп, оқушылардың теріс ағымға кетіп қалмауларын ескертті.
Сонымен қатар оқушылардың қойған көптеген сұрақтарына жауап беріп, сауалнамалар алынды.




