10–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған “Күйзелістен шығар жол: күйзелісті жеңуге көмектесеміз” тақырыбында кезекті педагогикалық қолдау сабағы өтті. Мақсаты – жасөспірімдердің психологиялық жағдайына назар аудару, күйзелістің алдын алу жолдарын түсіндіру және ата-аналарға тиімді қолдау көрсету тәсілдерін ұсыну.
Іс-шара барысында ата-аналар күйзелістің белгілері мен себептері туралы ақпарат алып, оны жеңудің жолдарымен танысты. Сонымен қатар, балаға эмоционалдық қолдау көрсету, ашық қарым-қатынас орнату, сенімді орта қалыптастырудың маңызы талқыланды.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі жағдаяттарды бірге талқылады. Мұндай сабақтар ата-аналарға баланың ішкі жан дүниесін тереңірек түсінуге және дер кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.Қатысқан ата-ана саны- 79, педагог-5


