Мектебімізде оқушыларға достықтың мәнін түсіндіру, сыйластыққа, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу мақсатында “ДосболLike” сабағы өтті. Тақырыбы: “Команда әр қатысушыдан бастау алады”. Командамен жұмыс істеу барысында әр адамның пікірі маңызды, әрқайсысының еңбегі ортақ жетістікке жол ашады. Бір-бірін қолдап, сыйластықпен әрекет етсе, кез келген мақсатқа бірге жете алатынын оқушылар сабақ барысында көрді. Сондықтан ұйымшыл болып, бір команда ретінде жұмыс істеді.