Skip to content

2024 жылдың қараша айында Италияның Рим қаласында өткен «WORLD CHAMPIONSHIP ITALY-ROME/ 2024» Дүниежүзілік роботтар жарысы жас таланттардың назарын өзіне аударды

2024 жылдың қараша айында Италияның Рим қаласында өткен «WORLD CHAMPIONSHIP ITALY-ROME/ 2024» Дүниежүзілік роботтар жарысы жас таланттардың назарын өзіне аударды. Бұл халықаралық жарысқа әлемнің 28 елінен келген командалар өздерінің ең үздік роботтарын жарысқа шығарып, технология мен шығармашылық қабілеттерін сынға салды.
Аталған шараға 28 елден команда қатысты. Командалар арасында оқ бойы оза шапқан Ақтау қаласы Тұтқабай Әшімбаев атындағы No11 лицейдің 6 сынып окушысы Ермаганбетов Әмірлан 3 кг LEGO SUMO жарысында 1- орынға ие болды. “Шығармашылық санатынан” Алтынбек Мерей мен Сағызбай Алишер 2- орынды қанжығалады.
Бұл жетістіктер олардың топтық жұмыс дағдыларын, әрі шығармашылық шешімдер қабылдау қабілеттерін көрсеткені сөзсіз.