2024 жылдың 22-25 желтоқсан күндері аралығында “Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей”коммуналдық мемлекетік мекемесінде “Құқық бұзушылықтардың алдын алу” мақсатында бірнеше тақырыптарда Ақтау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі, ювиналды полиция бөлімшесі инспекторы полиция майоры Мұхаммеджанов Ерлан Нуриддинович, лицей директоры С.А.Калиева, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары мен мұғалімдерінің қатысуымен 6-7-8-9-10-11 сынып оқушыларына жиналыс өткізді. Күн тәртібінде:
«Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу»
«Полиция дос және қорғаушы»,
«Бейтаныс адамдармен қарыс-қатынас кезіндегі мінез-құлық қағаидаттары»,
«Өзіңмен бірге заңға қайшы заттарды алып жүрме»,
«Кәмелетке толмағандар арасындағы топтық төбелестер, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, оқушылар арасындағы буллинг, кибербуллингтердің алдын алу және болдырмау»,
«Ұрлық түбі қорлық» ҚР ІІМ-нің ұрлықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламасы аясында құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу.
Мақсаты: оқушыларды құқықтық сауатты болуға, қысқы демалыс күндері құқық бұзушылықтарға ешқандай жол бермеу, беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу бағытында түсінік жұмыстарын жүргізу. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, олардың арасындағы буллинг, кибербуллингтердің алдын алу және болдырмау. 6-7-8-9-10-11
570 сынып қамтылды