Skip to content

Балаларыңыздың телефондарына “АТА-АНА БАҚЫЛАУЫ” қосымшасын орнату қажет екендігін естеріңізге саламыз

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!!
Балаларыңыздың телефондарына “АТА-АНА БАҚЫЛАУЫ” қосымшасын орнату қажет екендігін естеріңізге саламыз‼️
Қымбатты оқушылар!!!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағату министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі балалар мен жасөспірімдердің киберқылмыстардың құрбанына айналуына қатысты оның алдын алу мақсатында кибергигиена, құқықтық және қаржылық сауаттылық бойынша міндетті тәртіп енгізуде. Осының негізінде ҚР ІІМ Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер және басқа да интернет-сервистерді пайдаланушы балаларға арналған ұсыныстар әзірледі.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде, жалпы «Интернет «желісінде көп тараған құқық бұзушылардың құрбаны болмауы үшін балалар мына қарапайым ережелерді есте сақтауы керек:
– ешбір жағдайда өз дербес деректеріңізді, сондай-ақ ата- аналарынның, туыстарынның, достарынның деректерін (яғни, тегі, аты, әкесінің атын, туған күнін, тұрғылықты мекенжайын, оқу орнын, телефонын, фотосуреттерін және т. б.) желінің басқа пайдаланушыларына, бұл пайдаланушылар сіздің достарыңыздың тізімінде болса да хабарлауға болмайды;
– Интернет-сайттар мен әлеуметтік желілер пайдаланушылары ойдан шығарылған, оның ішінде басқа адамдардың суреттерін немесе балалардың деректерін пайдалана алатынын есте сақтау керек;
– интернет қолданушылары тарапынан түскен қауіп-қатерден қорқудың қажеті жоқ, шындығында олар жеке сізге де, сіздің жақындарыңызға да ештеңе істей алмайды. Әдетте олар балаларды қорқытады, яғни оларды бақылауға алу үшін. Бірінші қауіп төнген кезде бұл туралы ата анаңызға, ағаңызға, әпкеңізге, мұғалімге және т. б., дереу айтуыңыз керек, одан ұялуға болмайды.
– ешбір жағдайда әлеуметтік желі, мессенджерлер және басқа Интернет-ресурстардың басқа пайдаланушыларының бұйрықтарын немесе нұсқауларын орындамаңыз.
– Ең қарапайым нәрсе – олардың парақшаларын бұғаттау.
– Әлеуметтік желілерде, мессенджерлер және басқа да онлайн сервистерде белгісіз адамдардан түсетін достықты қабылдамаңыз.
– Өзіңізге қашықтан қолжеткізуге арналған бағдарламаларды орнатпаңыз.
– Оларды орнатпас бұрын, бұл туралы Интернеттен оқыңыз, бұл қосымша не үшін арналған және т.б. күмән тудыратын нәрселерді анықтаңыз. ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕСТЕРІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗДАР!!!!!