Әріптесіміз,ардагер ұстаз Ерке Әбжетқызы 1945 жылы 25 қыркүйекте Түркменстан Республикасы Байрамалы қаласында дүниеге келген.
1971-76 жылдары Гурьев педагогикалық институтының «тарих-филология» факультетін тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.1977-2012 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы «Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицейде мамандығы бойынша қызмет етті.Әріптестері арасында абыройлы,шәкірттері алдында сыйлы,өз ісінің шебері ретіндеөзін таныта білген ардагер ұстаз еді. Білім беруде талай шәкірттерімен қалалық,облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолындағы жемісті еңбектері үшін қалалық, облыстық, республикалық Алғыс хатттар және Құрмет грамотасымен марапатталды.
Нағыз ұстаз Ерке Әбжетқызының білім беру жолындағы еткен ерен еңбегі мектеп ұстаздары мен оқытқан шәкірттерінің жадында мәңгі сақталады.
«Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лцей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан Ерке Әбжетқызының өмірден өтуіне байланысты жанұясына,жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.