28.01.2025 жыл сағат 11-00 «Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкері Азаматтық қорғау майоры Наурызов Рахымжан Ақкөлұлымен 11 сынып оқушылары жоғарғы оқу орындарына түсуге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: лицей түлектерін жоғарғы оқу орнына түсуге үгіттей отырып, мамандықтың қызықта қиын жақтарымен таныстыру, мемлекет тарапынан берілетін көмек түрлерімен таныстыру. Оқушылар тарапынан келіп түскен сұрақтарға кері байланыстар жасалып, бейнеролик көрсетілді. 46 оқушы мен 4 мұғалім қатыстырылды.
