06.03.2025 жылы “Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ” ” Әдеп пен ар-ұят қыздың көркі ” тақырыбында 8-11 сыныптардың арасында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 125 оқушы қыздар, сынып жетекшілер, мектеп психологтары, тәрбие бөлімі қатысты.
Жиналыс барысында Қазақ қыздарының бойындағы асыл қасиеттер, мінез-құлықтар туралы түсінік жұмыстарын жүргізілді. Оқушы қыздарды нәзіктік, сұлулық, әсемдік, жақсы достық қарым-қатынас сияқты ұғымдармен таныстыра отырып, жаңа заманға лайықты білімді, инабатты, тәртіпті қыз болып қалыптасу үшін қандай тәрбие керек, деген сұрақтар аясында еркін форматта әңгімелесу өткізілді.
Жалпы мектепішілік тәртіп, мектеп формасы, шашты жинап жүру туралы да тақырыптарда талқыланды. Қоғамда болып жатқан мәселелер бойынша буллинг, кибербуллинг, тағыда басқа тақырыптар талқыланды, сенім жәшігі және сенім телефондары «111 QR» кодтар мектеп ішінде орналастырылған, оны қандай жағдайда қолдану керектігі айтылды. Сонымен қатар ұл мен қыздың достығы, пәктік пен ар- ұят, жан тазалығы туралы ашық әңгіме жүргізілді.
Жиналыс барысында қыздар кері байланыс жасап, өз ойларымен бөлісті