2025 жылғы 15 сәуірде Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей» КММ мұғалімдері Мұнайлы ауданы «№2 Б.Жұмалиев атындағы орта мектебінде» іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Функционалдық сауаттылықты сабақ процесінде тиімді қолдану тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинар барысында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы заманауи белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып математика пәні мұғалімі Б.Есқалиева 10-сыныпқа «Функция графигінің иілу нүктелері, функция графигінің дөңестігі. Функцияны дөңестікке зерттеу» тақырыбында, бастауыш сынып мұғалімі В.Ерғожаева 1-сыныпқа «Қақпашы. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер» тақырыбында, ағылшын тілі мұғалімі М.Шаланова 7-сыныпқа «Food for sport», қазақ әдебиеті пәні мұғалімі С.Утебаев пен тарих пәні мұғалімі Ж.Нұрманова 10-сыныпқа «Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы» тақырыбында, көркем еңбек пәні мұғалімдері Г.Ақбердиева мен С.Утепбергенова 5-сыныпқа «Тағам дайындауға арналған құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін зерттеу» тақырыбында, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ш.Дәрменова мен А.Ержігіт 5-сыныпқа «Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала. Алданған арман» тақырыптарында кіріктірілген ашық сабақтар өткізіп өзара тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар педагог-зерттеуші санатына үміткер және растаушы мұғалімдер өз шығармашылық жұмыстарымен таныстырып оқу процесінде жүйелі қолдану арқылы білім алушылардың сыни ойлау қабілеті мен проблемаларды шешу дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылды. Семинар соңында шығармашылық ізденістері мен жаңалығы мол тәжірибені насихаттап, жаңашыл идеялардың тоғысуына мүмкіндік берген лицей мұғалімдеріне кері байланыс берілді. Аталмыш семинар мазмұнды, жемісті және жылы достық атмосферада өтті.
№2 Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп ұжымына және мектеп директорының міндетін атқарушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Камысбаева Роза Дауловнаға ынтымақтастығы мен кәсіби тәжірибесі үшін алғыс білдіреміз!