25 сәуір 2025 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоғарғы 9-10-11сынып оқушы қыздарымен “Жастар орталығы”Ақтау қалалық №1 емхана дәрігерлері гинеколог-ювинолог Ф.ИШ.Шаюнусова “Жасөспірім қыздардың денсаулығын қорғау,, “Ерте жүктіліктің зияны”, психолог Г.Т.Кобенова “Темекі, алкоголді ішімдіктер мен электронды темекінің жасөспірімдер ағзасына зияны”, терапевт ВОП- А.Т.Жегенбаева -“Салауатты өмір салтын сақтау, Дұрыс тамақтану”,медбике Г.К.Жидебаева “Тіс күтімі” тақырыптарында ауқымды кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді. Өздерін толғандырған сұрақтарға дәрігерлерден кеңестер алынды.
