Іс-шара барысында оқушылар үшін түрлі қызықты әрі мазмұнды бағдарламалар өтті. Шара “Көңілді старт” ойын-сауық бағдарламасымен басталып, балалардың белсенділігі мен командалық рухын арттырды.
Сондай-ақ “Менің арманым” айдары аясында балалар өз армандарын ортаға салып, болашаққа деген көзқарастары мен тілектерін еркін жеткізді. Балалардың ой-пікірлері тыңдалып, олардың жан дүниесіне үңілуге мүмкіндік туды.
Іс-шара аясында балалар асфальтқа түрлі-түсті бормен сурет салып, өз қиялындағы әлемді бейнеледі. Бұл сәт оларға шығармашылық шабыт сыйлап, қуанышқа бөледі.
Шара соңында барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде қалды. Бұл күн балалардың өз ойларын ашық айтуына, шығармашылық қабілетін дамытуға және қуанышты естеліктерге толы болды.
