Мақсаты:Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мектептен тыс уақытта түрлі секциялар мен үйірмелерге, спорттық шараларға тарту арқылы жағымсыз мінез-құлықтан сақтау.
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін мектепшілік қосымша секциялар мен спорттық үйірмелерге тарту жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға мектеп психологтары мен полиция басқармасының өкілдері қатысып, оқушылармен профилактикалық бағыттағы сұхбаттар өткізді.
Кездесу жаңа форматта өтіп, оқушылар назарына арнайы бейнероликтер ұсынылды. Іс-шара оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру мен тәртіп сақтау маңыздылығын түсіндіруде тиімді болды.




