Skip to content

ҚҰттықтау!

Ұстаздар күніне орай мектептің бұрынғы түлектері өздерінің ұстаздарын шын жүректен құттықтап, алғыс білдірді. Әр түрлі қалалар мен елдерде жүрген түлектер мерекені елеусіз қалдырмай, арнайы видеоқұттықтаулар әзірлеп, ұстаздарына жолдады.
Құттықтауларда олар ұстаздарының берген білімі мен тәрбиесі үшін алғыс айтып, мектеп қабырғасында өткен жылы күндерді еске алды. Кейбір түлектер ұстаздарына арнап өлең оқып, ән арнап, шығармашылықпен де бөлісті.

Көптеген мұғалімдер үшін бұл – ең үлкен марапат пен шынайы қуаныш болды.