2025 жылдың 11 қазан күні Т. Әшімбаев атындағы №11 лицейде ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және мұғалімдер мен оқушылардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын арттыруға ықпал ету.
Сенбілік жұмыстарына лицей ұжымы белсенді қатысып, мектеп аумағындағы жасыл белдеулер мен гүлзарларды тазалап, қоқыс қалдықтарын жинау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы қысқаша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Мұндай іс-шаралар ұжымдық жауапкершілікті арттырып қана қоймай, білім ордаларының экологиялық сана қалыптастырудағы рөлін айқын көрсетеді.