“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан “Таза Маңғыстау” 45 күндік челленджінің 7-күніне орай №11 лицейдің 9 «Б» сынып оқушылары табиғатты қорғауға өз үлестерін қосып, тал отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Бұл шараның мақсаты — қоршаған ортаға қамқорлық жасап, жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Әрбір егілген тал — болашаққа жасалған игі қадам!