Оқушылар табиғи материалдармен жұмыс жасау барысында күзгі жапырақтарды пайдаланып, әртүрлі аппликациялар жасады. Жұмыс процесінде олар еңбекке баулып, ұқыптылық пен шығармашылық қабілеттерін дамытты. Түстер гаммасын үйлестіре отырып, балық, көбелек, күзгі ағаш сияқты әртүрлі бейнелерді жасауға тырысты. Бұл жұмыс оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіріп, табиғатты аялауға тәрбиелейді.