2025 жылдың 20 қазан күні 1-11 сынып оқушыларына Республика күніне орай сынып сағаттары өткізілді.Мақсаты оқушыларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолындағы жетістіктері мен елдің дамуы туралы түсінік беру;Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді қалыптастыру;Қазақ мемлекеттілігінің тарихы мен маңызын ұғындыру; Туған жерге, тілге, мәдениетке деген құрметті арттыру.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға еліміздің тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы маңызды оқиғалар мен Қазақстанның жетістіктері туралы ақпараттар беріліп, түрлі тақырыптарда пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әр сыныпта тақырыпқа байланысты шығармашылық тапсырмалар, презентациялар мен дебаттар өткізіліп, балалардың өз елдеріне деген мақтаныш сезімдерін нығайтуға бағытталды.
Қатысқан бала саны -1885, мұғалім-55


