Skip to content

“Шабыт” жобасы

“Бірлік және ынтымақ” құндылығы аясында күзгі демалыс мектеп жобасының жоспарына сәйкес 5 «Е» сынып оқушылары сынып жетекшісі Үмітгүл Қыясқызымен “Ыстық ұя” фильміне барды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту, бір-біріне деген сыйластық пен ұжымдық бірлікті нығайту, сонымен қатар, отбасылық қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру болды.
Кино көру барысында оқушылар әсерлі сәттерден ой түйіп, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынастың қадірін ұғынды. Іс-шара оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне және сыныптағы ынтымақты арттыруға ықпал етті.
Қатысқан бала саны-15, мұғалім 1,ата-ана1.