Skip to content

“Т.Әшімбаев атындағы №11 лицей” КММ-де “ДОСБОЛLIKE

Достық қолын ұсын!” атты достық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар арасында өзара сыйластық, бірлік пен достық құндылықтары дәріптеліп, жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында түрлі тренингтер, топтық ойындар мен пікір алмасулар өткізілді. Акцияға 1–11 сынып оқушылары белсенді қатысып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сынып ішінде достық атмосферасын қалыптастыруға атсалысты.