Skip to content

2025 жылдың 13 қараша күні “Т.Әшімбаев атындағы №11 лицей” КММ-де 8 “Г” сыныбы «ДОСБОЛLIKE: Достық қолын ұсын!» атты акция өткізді.

Акцияның мақсаты – оқушылар арасында достықты, бір-біріне деген құрмет пен сенімді нығайту, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар мен сынып жетекші бірлесіп плакаттар әзірлеп, жылы тілектер жазып, сынып ішінде психологиялық тренингтер мен пікірталастар ұйымдастырды. Оқушылар өзара қолдау көрсету, тыңдай білу, кешірім жасау сияқты адами құндылықтарды дәріптеді.