2025 жылдың 13 қараша күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі Елдашова Ж. 5 “А” сыныбында «Төрт түлікке қатысты ұлт ұғымдары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды түсінеді, айқындайды; тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы және омоним сөздердің көркемдік ерекшеліктерін сипаттап қолдана алады.
Сабақ барысында мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды: сұрақ-жауап, мақал-мәтелдермен жұмыс, постер қорғау және бейнематериал көрсету. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды, мақсатына толық жетті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, ұлттық танымдық бағыттағы білімдері кеңейді.