Жиналыстың мақсаты – білім беру ұйымдарында тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ата-аналардың құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ оқушылардың құқықтары мен міндеттері, қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау.
Жиналыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:
білім беру ұйымындағы ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері;
ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі;
құқықбұзушылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу;
оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері.
Аталған жиналысқа Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Хамит Нұржанұлы, мектеп инспекторы Мухамеджанов Ерлан, 7-9 ш/а учаскелік инспекторы полиция майоры Туленов Еркін қатысып, тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналарға заң талаптарын сақтау, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау және білім беру ұйымымен тығыз байланыста жұмыс істеу қажеттігі атап өтілді. Ата-ана саны – 30, мұғалім- 10.


